«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын» толықтай жаңғырту қажет
Темір жолда қордаланған мәселе көп. Шағымдар жылдан жылға артып барады. Сапа төмен, сын көп. Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбайдың айтуынша: "Кеңес заманының мұрасына айналған вагондардың көбі әлі күнге дейін жаңартылмай келеді. Пойыздардың кешігуі өз алдына өзекті мәселе", - дейді халық қалаулысы. Жүк тасымалында да проблема жетіп артылады. Осы ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жүк тасымалы бойынша баламалы бағыттарды дамытып, бұл істі әртараптандыруды тапсырды.