Өңірлерде электр желілерінен ақау шығып жатыр
Екібастұздағы апат есімізді жиғызды. Елеусіз қалып келген үлкен проблемаға бетімізді бұрғызды. Ендігі қадам апаттық жағдайды болдырмайтын әрекет ету. Яғни тозығы жеткен жылу электр орталықтары мен коммуналдық желілерді жедел жөндеу. Қажет болса жаңасын салу. Әйтпесе қыс келмей жатып өңірлерде электр желілерінен ақау шығып жатыр. Жуырды Павлодар облысында 33 елді мекен жарықсыз қалды. Риддерде де осындай жағдай тіркелді.