Елді мекендерді сапалы интернетпен қамту және байланыс сапасын жақсарту
Қазақстан дамудың жаңа дәуіріне қадам басқанына бүгін тура 1 жыл. Ұлықтау рәсімінде мәртебелi мiндетiн адал атқаруға ант берген Президент білім беру ісінен бастап индустрияландыруға дейінгі барлық саланы жаңғыртуды қолға алатынын жеткізді. Соның аясында елді мекендерді сапалы интернетпен қамту, байланыс сапасын жақсарту мәселелеріне басымдық беріп, ауыл мен қала арасындағы цифрлық алшақтықты қысқарту туралы міндет қойған болатын. Ол қалай атқарылып жатыр? Осыны білу үшін түсірілім тобы Қызылорда облысына арнайы барып қайтты.