Азаматтардың кәсіпкер атануына қолайлы жағдай жасалуы қажет
Шағын және орта бизнес біртіндеп жалпы бизнестің бел омыртқасына айналып, негізгі позицияға шығуы тиіс. Әзірге бұл секторды лайықты деңгейде дамыған деуге келмейді. Себебі Шағын және орта бизнес әлі де дұрыс әртараптандырылмаған. Негізінен алыпсатарлық саудаға негізделген. Үкімет 2030 жылға таман ШОБ-тың жалпы ішкі өнімдегі үлесін 40 пайызға жеткізбек. Ал жұмыспен қамту көлемін 5 млн адамға көбейту көзделіп отыр. Бірақ бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен азаматтардың кәсіпкер атануына қолайлы жағдай жасалуы қажет. Бұл Президенттің тапсырмасы. Ол қалай атқарылып жатыр?