Әуежайлардың техникалық жағдайы көңіл көншітпейді
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында азаматтық авиация саласы айрықша маңызға ие. Жыл өткен сайын ұшу географиясы кеңейтіліп жатыр. Бүгінде 28 елмен қатынас бар. 110 бағыт бойынша аптасына 567 әуе рейсі жасалады. Соған қарамастан әлі күнге дейін түйіні тарқамай келе жатқан түйткілдер көп болып тұр.