Қазақстанда әлі күнге дейін мектеп тапшы
Үш ауысыммен оқитын білім ордаларының саны бүгінде 100-ден асады. 45 мектеп апатты жағдайда тұр. Осы мәселені шешу мақсатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруды тапсырды. Міндет қалай атқарылып жатыр? Осыны білу үшін біздің түсірілім тобы Қарағанды қаласына арнайы барып қайтты.