«Ауыл аманаты» бағдарламасы биыл да жалғасады
Мемлекет алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі - ауылды жан-жақты дамыту. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы өз Жолдауында да айтып, тиісті тапсырма берген еді. Осыған байланысты былтыр елімізде ауылды жерлердегі халықтың табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылды.