Елімізде қалалар жаңа ережемен салынбақ
Елімізде қалалар жаңа ережемен салынбақ Елімізде қалалар жаңа ережемен салынбақЕлімізде қалалар жаңа ережемен салынбақ. Ол үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен қала құрылысы кодексі әзірленді.Құжат саладағы көкейкесті мәселелерді шешуі тиіс. Яғни қаланың бас жоспарынан ауытқымау, ғимараттардың бір-біріне іркес-тіркес жақын салынбауы сияқты түйткілдерді реттеуі қажет. Ал қала құрылысының өзі бір жүйеге келтіріліп, бірыңғай ақпараттық кеңістікте бақылануы шарт.
Президенттің бұл тапсырмасы ел аймақтарында қалай іске асуда? Қалаларымыздың заманауи келбеті қандай, адамдардың өмір сүруі үшін қандай қолайлы жағдайлар жасалуда? Осы сұрақтың жауабын білу мақсатында түсірілім тобымыз Каспий жағасындағы ақмаржан қала – Ақтауға жол тартты.