Еліміздің бірнеше порты экономикалық аймаққа қосылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру мақсатында Ақтау теңіз сауда порты және оның құрамындағы «Баутино» жүк ауданы, Құрық портының аумақтары «Ақтау теңіз порты» АЭА құрамына енгізілді. Енді порттардың инфрақұрылымын дамыту істерімен бірге экономикалық аймақта 2025 жылың соңына дейін контейнерлік хаб құру жоспарланған. Порттардың экономикалық аймаққа қосылуы өңірге әлеуметтік-экономикалық тұрғыда елеулі әсер етеді. Сондай-ақ Маңғыстау облысына инвестициялар тарту үшін қолайлы алаңға айналдырып қана қоймай, ірі халықаралық көлік дәліздерінің бірі болуына үлес қосады. Мұнымен бірге порттарға әлемнің үздік логистикалық компанияларымен жұмыс істеуге жол ашады.