Әлеуметтік көмекті алатындардың барлығы оған шын мұқтаж ба?
Қазақстан – әлеуметтік бағдар ұстанған ел. Мемлекет бюджетінің жартысынан көбі әлеуметтік салаға бөлінеді. Төрт жарым миллионға жуық қазақстандық бүгінде мемлекеттен көмек алады. Бұл – еліміздің әрбір бесінші тұрғыны деген сөз. Бірақ әлеуметтік көмекті алатындардың барлығы оған расымен де мұқтаж ба? Сол себепті Президент азаматтарды қолдау тетіктерін әділдік, теңдік негізінде қайта қарау қажеттігін тапсырды. Әлеуметтік көмектің бүгінде кімге және қалай беріліп жатқанын біз де өз тарапымыздан анықтауға тырыстық.