Халыққа сапалы медициналық көмек көрсетілуде
Отандық денсаулық сақтау саласында аз жұмыс атқарылған жоқ. Алайда салада қордаланған мәселелер әлі де баршылық. Мәселен, ел халқының 41 %-ы өмір сүретін ауылдарда медициналық инфрақұрылымның 50 пайыздан астамы тозған. 600 елдімекенде мүлдем емдеу мекемесі жоқ. Бүгінде елімізде Президент тапсырмасымен «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы іске асырылып, ілкімді істер қолға алына бастады. Еліміздің кейбір аймақтарындағы ауылдар мен шағын қалаларда жаңа ауруханалар салынып, халыққа сапалы медициналық көмек көрсетілуде. Бұл жұмыстардың қарқынан көз жеткізу үшін түсірілім тобымыз Түркістан облысына жол тартты.