Елде су мәселесіне қатысты жағдай күрделі
Көктемде қызыл судан зардап шегетін еліміз жазда су тапшылығынан қиындық көреді. Жыл өткен сайын халқымыздың саны да, экономикамыз да өсіп келеді. Мамандар болса, 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12 миллиард текше метрге жетуі мүмкін дейді. Бұл ретте Қазақстанның суды тым орынсыз жұмсайтыны шындық.