Зеренді – туристердің сүйікті орны!
Зеренді - соңғы жылдары туристер арасында танымал бағыттардың бірі. 2023 жылы мұнда 37 мыңнан астам турист келген. Тыныш әрі адам аз демалыс орнын іздегендер осы жерге ат басын бұрады.
Еліміздің бұл өңіріне тән бір қасиет ауа райының құбылмалығы. Зерендіде шіліңгір шілде кезінде де суық әрі жаңбырлы күн көп. Осы тұста кәсіпкерлер аса бір жағдай жасалмаса да бағаны көтеріп жіберулерінің себебін түсіндірерде жазғы жылы маусымның қысқалығын тілге тиек етеді. Дегенмен өз кәсібін жыл он екі ай дөңгелетіп, демалыс орындарын әр маусымға арнайы жабдықтап қоюға ештеңе кедергі емес. Себебі өңірдің қысы да, жазы да өзінше ерекше.