Түркістанды туристер зиярат ету мақсатымен таңдайды

Түркі халықтарының түп тамыры, рухани астанасы саналатын Түркістанға біз қазан айында келдік. Елдің басқа өңірлерінде бұл кезде ауа райы суық болғанымен, оңтүстікте күн әлі де жылы әрі шуақты. Туристер үшін жайлы ауа райының маңызы зор екенін бәріміз білеміз. Осы үмітпен келген түсірілім тобы «Караван сарай» кешеніне барғанымен, туристердің аздығы байқалды. Сол себепті келушілермен әңгімелесу аса мүмкін болмады. Шығарылымды  Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен бастауды жөн көрдік.  Онда жете салысымен Түркістанның жаңа әкімін кездестірдік.