Қазақстанда туризмнің өсуіне не кедергі?

Қазақстан табиғи сұлулығымен, бай тарихымен және мәдениетінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Біздегі туризм тек экономиканың саласы ғана емес, бұл сонымен қатар еліміз үшін өзін әлемге таныстыру мүмкіндігі. Туризм - жыл сайын 10 триллион доллардан астам табыс әкелетін әлемдік экономиканың ең ірі секторларының бірі. Қазақстанда туризм әзірге ЖІӨ-нің 3,3% беріп отыр, бұл дегеніңіз 6,8 миллиард АҚШ доллары. Туризм және саяхат жөніндегі Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингінде еліміз 52-ші орынға ие болған. Сонымен біздің туризмнің өсуіне не кедергі?