Әділет министрлігі қызметкерлері конституциялық реформаны талқылады

Әділет министрлігінің Заңнамалық департаменті директорының қатысуымен конституциялық реформаға қатысты жиын өтті.

Дархан Игембаев Президенттің заң жүзінде бекітілген өкілеттіктерді қайта бөлуге қатысты жұмыстар барысын баяндады. Мамандар келіп түскен ұсыныстарды елеп-екшеп, оның заңнамалық негіздерін жасады. Мәселен, қазіргі кезде Елбасы құзырындағы экономикалық және бюджетті жоспарлау саласын Үкімет деңгейінде жүргізуге болатынын айтып, өзге де өкілеттілікті бөлу мүмкіндігі қаралып жатқанын атап өтті.

Дархан Игембаев, ҚР ӘМ заңнамалық департаментінің директоры:

- Мысалы, мемлекеттік қызмет саласындағы кейбір функцияларын үкімет деңгейіне бөлу деген тағы бір ұсыныстар келіп түсті. Олар да қолдау тапты. Ол, атап айтқанда, біліктілікті арттыру саласында, тәртібін бекіту, бұдан басқа бонустарды төлеу, мемлекеттік қызметкерге бонустарды төлеуді айқындау сияқты.