Сұхбат. Мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту
Мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту туралы сауалдарға Экономикалық зерттеулер институтының Әлемдік экономика орталығының директоры Айбол Арынғазиев жауап берді.
- Диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару. Бұл мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары болуы тиіс. Оны Халыққа жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындап берді. Қазіргі мемлекеттік аппарат осы формулаға қаншалықты сай келеді? Не өзгеруі керек?
- 2020 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілердің саны біртіндеп қысқарып, үнемделген қаражат неғұрлым пайдалы қызметкерлерді ынталандыруға жұмсалады делінді. Кімдер қысқарады және пайдалы қызметкерлер деп кімдерді атай аламыз?
- 2024 жылға қарай мемлекеттік қызметшілердің және ұлттық компаниялар қызметкерлерінің санын 25 процентке қысқарту тапсырылды. Қысқарған қызметкерлер қайда барады? Оларды еңбекпен қамтуға мүмкіндік бар ма?