Сұхбат. Дәурен Әбен
Бағдарлама қонағы –Дәурен Әбен, саясаттанушы.
1-сұрақ: Қазақ елі ядролық қарудан бас тарту, барлық дінбасыларды бір үстел басына жинау, Астана процесі секілді батыл бастамалары арқылы әлемдік қауымдастық санасатын деңгейге жетті. Осы жолғы сессияда да Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық ауқымдағы бірқатар ұсыныс айтты. Соның бірі – бізде елде Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму мақсаттары орталығын ашу. Бұл не орталық?
2-сұрақ: Қазақстандық бірегей бастамалардың бірі – Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары конференциясы. Қасым-Жомарт Тоқаев «осы конференция қауіпсіздік пен дамудың толыққанды ұйымына айналуы тиіс» деді. Бұл қалай іске асады? Осы тұрғыдағы ойыңызды білсек?
3-сұрақ: Әлемге талай жыл әмірін жүргізіп, билеп-төстеген кей одақтардың іргесі сөгіліп жатыр. Ал тәуелсіздігін енді ғана алған Қазақстан бейбіт бастамаларымен жаһандық шиеленістерді шешуге талпынып, державалық тұтқаға қол созып отыр. Біздің бұл тұстағы артықшылығымыз қайсы? Мүмкіндігіміз қандай?