Ауыл-аймақтағы жастар қашан баспаналы болады?

Үйсіз жүрген жастар елімізде жетіп артылады. Олар қазір өзгелердің босағасын сығалап, тапқан табысының тең жартысын пәтер жалдауға жұмсап жатыр. Бүйте берсе, қашан үй алады деген сұрақ туады? Елорда тұрғындары осыған қатысты не айтты екен? Экранға зер салыңыздар.

– Оңай емес, қиын ғой. Квартирада жүрміз ғой.

– Басқа мемлекеттермен салыстырғанда оңай деп ойлаймын. Өйткені түрлі бағдарламалар құрылып жатыр, енді мүмкіндік бар деп ойлаймын. Әрине ешкім алақаныңа әкеліп бермейді.

– Мен көріп жүрген жастар пәтер жалдап тұрып жатыр. Енді олардың ақшасы пәтер жалдауға ғана жетеді. Соған ыңғайлы программалар шықпай жатыр, содан-ау деймін. Ол үшін, меніңше, мемлекет басындағылар бір күн болса да, солардың жағдайында өмір сүріп көру керек.

– Баспана алу өте қиын, әсіресе, жастарға. Қазіргі заманда бізде жастарға деген саясат жоқ. Мемлекеттік бағдарламаларға келсек, өте қымбат. Бағдарламаның бәрі, ипотекасы да, басқасы да.

– Баспана алу өте қиын. Мен де бар енді баспана, 2 жыл бұрын алғанмын. Бірақ көп қиыншылықты көрдім, шетелге барып жұмыс істедік, осы Астанада да жұмыс істедік. 7 жылдың ішінде ақша жинап алдық.