Кентаудағы жылу электр станциясынан тағы ақау шықты

Кентаудағы жылу электр станциясында тағы ақау шықты.

Жергілікті билік жағдай түзеледі деп уәде еткенімен, қалың қарашаның сеніміне селкеу түскен сыңайлы. Дәл қазір Кентау қаласының әкімі тікелей қосылып, осы сұраққа жауап береді. Қайырлы күн, Жандос Қалмырзаұлы! Шаһардағы жылу электр станцияларының қазіргі жағдайы қандай? Қанша қазандық жұмыс істеп тұр? 

  1. Апатты жағдайдың қайталануына не себеп? 
  1. Мектеп, балабақшалар жылумен толыққанды қамтылған ба? 
  1. Әкімдік жаз айларында жөндеу жұмыстары жүргізілді деген ақпарат таратты. Енді неге қысқа дайын болмай шықты? Нақты қай жерден қателік кетті? 

Энергетика министрлігі коммуналдық қызмет барысына мониторинг жүргізіп жатыр. Келеңсіздік кезінде кәсіпорындар қосалқы қазандықтарды іске қосуы тиіс. Сол аралықта жылу желісіндегі температурасы сәл төмендейді. Министрліктің мәліметінше, Жезқазған мен Кентау қалаларында осы әдіс қолданылды. Ал Риддердегі жылу-электр орталығында жағдай қалыпты. Елдегі электр станцияларында 8 энергоблок, 43 қазандық пен 43 турбина жөнделген. 4,9 млн тонна көмір сақтаулы. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 67 пайызға көп. Ал жиналған мазут көлемі 108 мың тонна. Шілде айынан бастап қолданыстағы тариф оңтайландырылып, желілерді жөндеуге жұмсалатын қаражат 146 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Жандос Тасов, Кентау қаласының әкімі