Түгел түркі бас қосқан саммит
Төрткүл дүние түгел көз тіккен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталады.
Маңызы зор шараға әлемнің 16 мемлекет басшысы мен ірі халықаралық ұйымдардың жетекшілері келді. Ауқымды жиынға түркі елдері президенттері түгел жиналды.
Түркияның академиялық зерттеулер институты басшысының пікірінше, түбі бір туыстас мемлекеттер ұйымның құрылымын нығайтып, беделін асқақтата түскен.
Осман Кепенек, Академиялық зерттеулер институтының президенті:
- Шанхай ынтымақтастығы ұйымы құрылымына көз жүгіртсек, түркі елдерінің барлығының онымен тығыз байланыста екенін көруге болады. Қазақстан мен Қырғызстан ұйымның негізін қалаушы мемлекеттер. Өзбекстан 2001 жылы ШЫҰ қабылдаған кеңейту саясаты шешімімен ұйымға толыққанды мүше болды. Әзербайжан бақылаушы ел, Түрікменстан ШЫҰ+ форматында қатысып отыр. Ал Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның ұйым саммитіне екінші рет келуі арқылы барлық түркі мемлекеттерінің онымен тығыз қарым-қатынас орнатып, құрылымын нығайта түсті деп нық айта аламыз.