Сарапшы: ШЫҰ саммиті аймақ қауіпсіздігін нығайтуды көздейді

ШЫҰ саммиті көпжақты диалог пен өзара серіктестікті мақсат тұтады.

Ресейдегі Қаржы университетінің халықаралық экономикалық қатынастарды зерттеу институты директоры Виктория Перская осылай дейді.

Оның айтуынша, Астанадағы саммиттің күн тәртібінде тұрған негізгі тақырыптарының бірі – тұтас Еуразия құрлығындағы қауіпсіздікті нығайту. Бірақ жаһандық геосаяси өзгерістерді ескере отырып, ұйымды қайта реформалау қажет. Осы ретте кездесуде талқыланатын Қазақстан бастамаларының маңызы зор, – дейді сарапшы.  

Виктория Перская, РФ жанындағы Қаржы университетінің халықаралық экономикалық қатынастарды зерттеу институты директоры:

- ШЫҰ көпжақты халықаралық құрылым ретінде Еуразия құрлығында Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметтерін атқару мүмкіндігіне ие. Ал саммит аясында алғаш рет араб әлемі мен Азия, Орталық және Солтүстік өркениет елдері көшбасшыларының басқосуы тарихи оқиға екенін атап өткім келеді.