Қазақ тазысы әлемге танылды. Абзал Досыман

2022 жылы Мемлекет басшысы қазақы тазы мен төбетті сақтауға қатысты тапсырма берді, деп хабарлайды 24kz.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде араға 2 жыл салып, халықаралық кинологиялық федерацияның шешімімен Қазақстан ресми түрде тазы тұқымының иесі деп танылды. Федерацияның бас комитеті 10 жылға созылатын түрлі ғылыми-сараптамалық жұмыстар жүргізіледі деген еді. Осы бағытта қандай шаралар қолданылып жатыр? Тұқымы таза тазының айналасында тағы нендей жаңалық бар? Бұл жөнінде студия қонағы «Nomad» ұлттық аңшылық клубы қоғамдық қорының мүшесі  Абзал Досыманнан білейік.

  1. Халықаралық федерация 10 жыл бойы түрлі сынақтар жүргізіледі деген еді. Қандай сынақтар ол? Жаңадан туған тазы күшіктерінің статистикасын жүргізуді бастады ма?
  2. Арқада сарышұнақ аяз тұр. Қытымыр қыс тазыға қалай әсер етеді? Жүні жұқа жануар ғой, жылы жерде ұстаған абзал ма?
  3. Әлем елдерінде немесе халықтарында тазыға ұқсас ит тұқымдары бар ма? Олар қазақ итіне несімен ұқсайды? Ерекшелігі неде?
  4. Тазының тұқымы өзгеше. Бітімі бөлек. Өзге иттен жүйрік. Оны қалай азықтандырады? Қандай тамақ берген абзал? Ал қандай тамақ беруге мүлдем болмайды.
  5. Тазыны патенттеу қалай жүргізіледі?
  6. Елдегі тазылардың бағалануы жағынан рейтинг бар ма? Ең қымбаты қанша тұрады? Арзаны ше? Бағасы қандай критерийлерге байланысты

Спикер: Досыман Абзал Манарбекұлы, «Nomad» ұлттық аңшылық клубы қоғамдық қорының мүшесі.