Зардап шеккендердің шығынын өтеу талаптарын қайта қарау қажет
Бүгінгі бағдарламада:
- Ғылымды дамыту – қашанда маңызды міндет. Осыған орай сенаторлар ғалымдардың мәртебесін көтеруді және ғылымға бөлінген қаржыны тиімді пайдалануды көздейтін заңды мақұлдады;
- Тасқыннан төнген қауіп әлі сейілген жоқ. Елімізде табиғи апаттың салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Ортақ іске Сенат депутаттары да белсенді үлес қосуда;
- Тілсіз жаудан зардап шеккен тұрғындардың шығынын өтеу талаптарын қайта қарау қажет. Кей азаматтар су басқан үйлердегі мүлікке қатысты залалдың мөлшерін дәлелдей алмай отыр. Сенаторлар бұл мәселеге алаңдаушылық білдірді.