Бокстан Қазақстан чемпионатына 400-ден астам спортшы қатысуда

Серік Сәпиев атындағы бокс орталығы. Міне, осындай Қарағанды төрінде керемет спорт кешені бар. Жалпы облыс орталықтарында осындай нысандардың бой көтеріп, отандық бокстың дамуына жұмыс жасап жатқаны әрине қуантады. Жоғарыда айттым дәл осы жерде Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Бас-аяғы 400-ден аса спортшының басын қосты. Бұл жылдың қорытынды жарысы. Яғни ерлер арасында, әйелдер арасында үздіктер анықталып, ұлттық құрама жасақталып, келесі жылы халықаралық жарыстар бар, соған әзірлікті жүргізеді. Жалпы жарыс туралы айтатын болсақ, деңгейі жаман емес. Осында он бірдей шетелден төрешілер шақыртылған болатын және өзіміздің 20 маман бар. Ең бірінші талап жарыстар максималды әділ әрі таза өту керек болатын және жарыс өзіміздің бақылап жүрген уақытта осы мақсат-міндетінен шығып жатыр.