Шенеуніктер ісінде шикілік көп
Сыбайлас жемқорлық жайлаған мемлекетте қызметін, құзыретін, билігін асыра пайдалану, қазына қаржысын жымқыру және пара алып, пара беру қалыпты жағдай. Ешкім оған таңғалмайды. Бірақ бұл індетке қарсы күрес, оны түбегейлі жою өзекті мәселе. Біздің ғана емес, әлемнің «бас ауруы».