Ауыл әкімдігі қызметтік көлікті 26 миллион теңгеге жөндейміз деп жоспарлаған
Абай облысында ауыл әкімдігі қызметтік көлікті 26 миллион теңге жөндейміз деп жоспарлаған. Қалтасындағы қаржыға емес, бюджет есебінен. Шалғайдағы елді мекен шенеуніктері мінген бұл автомобильдің бөлшектеріне алтын жалатылған ба, әлде өздері ойлап тапқан елде жоқ жаңа технологиямен жүре ме, мүмкін ұшатын шығар, ол жағы белсігіз. Бір анығы, шенеуніктер жалғыз көлікті жөндеу үшін 26 миллион теңгеге мемлекеттік конкурс жариялаған. Мұны бірінші байқаған құзырлы орган емес, қарапайым адам.