Бизнеске кедергі келтіру жолдары
Бағдарламаны эфирге дайындау үшін біз бірнеше кәсіпкердің проблемасымен және әкімдік немесе өзге де мемлекеттік орган тарапынан болған кедергілердің жай-жапсарымен танысамыз. Мәселенің қалай басталып, немен аяқталғанын оқып шығамыз. Бизнес иелері мен антикор және әкімдіктегілердің айтқанын тыңдаймыз. Егер осының барлығын топтастырсақ, көз алдыңызға жыртқыш пен жемтіктің картинасы елестейді.