Қазына қаржысын қолды қылғандар жазасын толық өтейді
Елімізде жемқорлық үшін сотталған азаматтарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынған.
Яғни қазына қаржысын қолды қылған, пара алғандар жазасын толық өтейді. Енді оларды бостандыққа шыққан соң мемлекеттік сатып алуға мүлдем жолатпау жағы қарастырылып жатыр. Антикордың ұсынысы қолдау тауып, тиісті заңға өзгерістер енгізіледі. Бүгін осы жайлы және шенеуніктердің тендер төңірегіндегі өзге де қитұрқы әрекеті туралы айтамыз.