Тапшылық пен жемқорлық: шаруалар қаржылай қолдауға мұқтаж
Бюджеттен бөлінген ақша шаруалардың қолына уақытылы тимейді. Өтініш жазғандар әкімдіктің жауабын жылдап күтеді. Бұл кейбір өңірде қалыпты жағдайға айналған. Әйтпесе ауылшаруашылығына арналған жеңілдетілген несие, субсидия үзілген емес. Сондықтан соңғы жылдары аталған сала Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің де назарында. Арнайы мониторинг жүріп, талай қылмыстық іс қозғалды.