Жемқорлықты қалай жеңеміз?
Біз сыбайлас жемқорлықтың салдарынан күнде зардап шегеміз. Ол - cапасыз салынған жол, үй, мектеп, діттеген жерге жетпей қалатын мемлекеттік көмек, миллиардтар. Яғни, жемқорлық – тек шенеуніктердің бойына біткен дерт, сол ортамен шектелетін проблема емес. Бұл – бүкіл айналаға уын шашып отырған қатер. Тікелей біздің өмірімізге қатысы бар проблема. Жемқорлықты жеңгеніміз, ұлы жеңіс екенін ешкімге түсіндіріп жатудың қажеті жоқ. Ендеше, оны қалай жоямыз? Біз не істей аламыз?