Комплаенс-қызметінің пайдасы қандай?
Квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында еліміздегі алты мыңға жуық ұлттық компанияда және әкімдіктерге қарасты коммуналдық ұйымдарда комплаенс-қызметі құрылған. Комплаенс-офицер түбі қылмыспен аяқталатын түрлі тәуекелді алдын ала анықтайды. Ұжымда күдікті, күмәнді әрекеттер байқаса, мекеме басшысына ескертеді. Егер ескерсе, антикор ол компанияның есігін қақпайды. Бүгін комплаенс қызметі жайлы айтамыз.