Шағын бизнеске бюрократиялық кедергі әлі де тыйылмай тұр

«Кәсіпкер туған жеріне, өзі тұратын өңірге жол салып берді, әлеуметтік нысанның құрылысына қаржылай көмектесті, қайырылымдылық жасады» деген ақпаратты естіп, көріп, оқып жүрміз. Бизнеспен бірге жаңа жұмыс орны да ашылатыны анық. Қазынаға салық түрінде түсетін түсімді қосыңыз. Қысқасы, заң аясында қызмет ететін кәсіпкерден ешкім зиян көрмейді, керісінше, олардың пайдасы тимесе. Мұны сіз бен біз түсінгенімен, бірақ шенеуніктер түсіне алмай отыр. Шағын бизнеске бюрократиялық кедергі әлі де тыйылмай тұр. Бүгін «Бизнеске жол» жобасы аясында антикорға шағымданған компаниялар мен олардың проблемалары туралы айтамыз.