Өзен жағасын қоқыстан тазартты

Абай облысында Аягөз өзенінің арнасы қоқыстан тазартылды.

Акцияға елуге жуық «Жасыл ел» еңбек жасағының жауынгері қатысып, тазалық шарасына үлес қосты. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шаралар Аягөз ауданында апта сайын өтеді.

Жалпы Абай облысында «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы 68 мың аула тазаланып, 41 мың тонна қоқыс шығарылған болатын.

Құралай Рахманқұлова, Аягөз ауданының тұрғыны:

- Біз жастар экологиялық мәдениетті сіңірудеміз. Іс шараның мақсаты жастарды еңбекке баулу. Өз еліне деген сүйіспеншілікке үйрету. Мемлекет басшысы «Мен жастарға сенемін, сондықтан жастарға зор үмітпен қараймын» деп баса назар аударған болатын. Жастардың белсене қатысуы көз қуантарлық нәтиже деп ойлаймын.