Нұраның жағасы тазартылды
Теміртауда жергілікті мәслихат депутаттары мен белсенді жастар тазалық шарасына қатысты.
Олар Нұра өзенінің бойын қоқыстан тазалады. Жалпы депутаттар қала сыртында осымен 15-экологиялық шара ұйымдастырып отыр. Волонтерлер жол бойындағы аумақтар мен су айдыны жағасынан 20 жүк көлігі толы қоқыс жинап, арнайы полигонға төкті.
Нұржан Әжік, "Amanat" партиясы Теміртау қалалық филиалының атқарушы хатшысы:
- Самарқанд су қоймасынан осы Нұра өзеніне келіп құйылады. Өздеріңіз көріп отырсыздар, оң жағалау мен осы жердің халқы осы жерге келіп демалады, қоқыстарын тастайды. Сондықтан да біз осында келіп, қоқысын тазалаудамыз өзен, көлдеріміздің. Өйткені өзіміз де пайдаланамыз, балаларымыз бар.