Су айдындары қоқыстан тазартылды

Елорда тұрғындары қапшығын арқалап, бейсенбіні тазалық акциясына арнады.

Белсенділер өзен-көлдердің жағасын күл-қоқыстан тазартты. Кейін жұмыс ірі су айдындарында жалғасты. Тіпті Астана іргесіндегі Қарасу өзегінің арнасын да сүзіп шыққан. Игі бастамаға жасы да, жасамысы да атсалысып, барлығы 38 мыңға жуық адам қатысты. Таза бейсенбілік басталғалы төрт жарым мың тоннадан астам қоқыс жиналды.

Сержан Серікұлы, қала тұрғыны:

- Немерелерім өсіп келе жатыр. Соларға үлгі болайын дегенім ғой. Таңертең сұрайды ғой, «Ата, қайда бара жатсыз деп...» Мен айтам, барып тазалаймын, жинаймын, онда ешқандай ұят жоқ. Қазақстанымыз көркейе берсін, гүлдене берсін. Таза болсын! Сондай оймен келіп отырмын осында.

Нұрайлым Нұржанқызы, "Жасыл ел" сарбазы:

- Таза жерде өмір сүрген жақсы ғой. Біз өзіміз қарамасақ, кім қарайды? Жастар болғандықтан қаламызды қарап, таза ұстап отыруымыз қажет. Біз, негізі, акция үшін ғана емес, қаламыз үшін де, тазалығымыз үшін де, өзіміз үшін де жүрген жерімізді жинап, тазалап жүруіміз қажет.