Шымкентте туристік нысандардың тазалығы мен қорғап-сақтау ісі қалай іске асып жатыр

Шымкент қаласының мақтанышы саналатын дендрологиялық саябақ. Мұнда 74 000-нан астам түп ағаш бар. Сондықтан асықпай-аптықпай кеңінен тыныс алуға болады. Ал жалпы алғанда бұл мегаполисте жүзге жуық туристік нысан бар. Ол нүктелердің тазалығы мен қорғап-сақтау ісі қалай іске асып жатқанын бүгінгі бағдарламада көрсетеміз.