Қонаев қаласындағы жел генераторларының оң және теріс жақтары

Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасы және «Қазақстан-2050» стратегиясында жаңартылатын энергияның үлесін: 2025 жылы - 6, 2050-де – 50 пайызға жеткізу жоспары нақтыланған еді. Осы мақсаттардың негізінде Президент тапсырмасына сай, елімізде бұл энергия өндіру көзі ісін қолға алу қарқынды жүргізіліп жатыр. Дәл қазір ең серпінді дамып келе жатқан жел энергиясынан қуат алатын бағаналар орнатылған Алматы облысының орталығы Қонаев қаласындамыз. Оның тиімділігін және кемшің тұсын бүгінгі бағдарламада тарқатамыз.