Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін өндіру
Биыл 19 маусымда Мемлекет басшысы еліміздегі жаңартылатын энергия көздерін дамыту жөніндегі заңға қол қойып, бұл саланы жетілдіруде біршама серпіліс жасаған еді. Ұлытау облысында жылдық қуаты 1 гигаватты құрайтын жаңартылатын энергия көздерін өндіру ісі бойынша жасалған меморандум соның алғышарттарының бірі. Бүгін істің қалай жүзеге асып жатқанын сұрастырып, өңірдің жасыл экономикаға деген беталысын бағамдаймыз.