Қызылорда облысында 20 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: Таза Қазақстан – бұл бір реттік науқан емес, ол күнделікті өміріміздің дағдысына айналуы тиіс деген еді. Жыл басынан бері қолға алынған жалпыұлттық акция барлық өңірлерде өз жалғасын тауып келеді. Қызылорда облысының өзінде 600 мыңға жуық адам белсене қатысып, 20 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған екен. Өзге де нәтижелі тірліктер мен экологиялық ахуалды бағамдау үшін Сырдария өзенінің оң жағалауында орналасқан Қызылорда қаласына табан тіредік.