Түркістан: ауыл шаруашылығындағы су тапшылығы

Түркістан облысы республика бойынша жалғыз мақта өсіретін өңір. Ал дайын өнімді өткізу және іске асыру мұнда көп жылдар бойы басты мәселелердің бірі болып келген еді. Осы түйіткілді оңтайлы шешу үшін, биыл қазан айының соңғы аптасында "Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешенінің қапсуласы" салынған еді. Осы жобаның жай-жапсарымен танысып, ауыл шаруашылығындағы су тапшылығы мәселесінің бүгінгі жағдайын бағамдау үшін Таза Қазақстан жобасы оңтүстік өңірге ат басын бұрды.