Қоқыс үйінділері және ауаның ластануымен күрес
«Таза Қазақстан» акциясы аясында заңсыз қоқыс үйінділерін анықтау бойынша рейдтер жүргізілді.
Аумақтық экология департаменттері мен жергілікті билік органдарының бірлесіп атқарған жұмыстарының нәтижесінде көптеген қоқыс орны жойылды. «Таза ауа» рейдтері барысында 482 автокөлік тексеріліп, экологиялық стандарттарды бұзу бойынша 105 факті анықталды. 96 жүргізушіге айыппұл мен ескерту түріндегі әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылды.