Тексердік! | Карантин тәртібіне барлығы бірдей бағына ма?

Қалалық әкімдіктің мәлімдеуінше, күшейтілген карантин тәртібі дәрігерлерге артылған жүктемені азайтуға сеп болды. Егер бұған дейін ауруханаларға күніне 500 науқас келетін болса, қазір ол екі есеге дейін азайды. Жазылғандар саны да артып келеді. Демек, карантин өз жемісін беріп жатыр. Сол себепті бұл шара тамызға дейін созылды. Бұл аралықтар көптеген қоғамдық тамақтану орындары, ойын-сауық мекемелері жұмыстарын уақытша тоқтатты. Бірақ, таза ауада, ашық аспан астында істейтін кафелер мен мейрамханаларға өз қызметтерін жалғастыруға рұқсат етілді. Тек уақыт жағынан және келушілердің санына шектеу қойылды.

Осы тәртіпке барлығы бірдей бағынып жүр ме? Карантин тәртібін бұзатын мейрамханалар бар ма?

Сондай-ақ...