Бағаны тұрақтандыру қадамы | Іс жүзінде
Аптаның айшықты оқиғаларын жіктеп-жіліктеп айтатын «Іс жүзінде» хабары. Бүгінгі шығарылымда:
- Әлемдік экономиканың өрісі тарылады. Биыл инфляция күшейіп, жаһан экономикасы шамамен 2% төмендеуі мүмкін. Ал Қазақстандағы көрсеткіш қандай?
- Бағаны тұрақтандыру қадамы. Баға ырыққа көне ме? Азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бағытталған ендігі қадам қандай болмақ?
- Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Қайғыны бөліссең, азаяды. Қазақ елі зілзаладан зардап шеккен Түркия мен Сирияға көмек қолын созды.