Ел экономикасының көлемі 2029 жылға қарай 450 млд долларды еңсереді
2023 жылы Қазақстан сыртқы жағдайларға тез бейімделіп, орнықты даму жолына оралды. Оған он бір айдағы көрсеткіштер дәлел. Экономикалық өсім – 4,9 процент. 2022 жылғы сәйкес кезеңнің қорытындысы 2,7 пайыз болғанын ескерсек, бұл тәуір табыс.