Былтыр қазақстандықтар онлайн саудаға 3,2 трлн теңге жұмсаған

Елімізде онлайн сауда қарқынды дамып жатыр. Былтыр азаматтар 3,2 трлн теңгесін маркетплейстерге жұмсаған. Бұл көрсеткіш елімізде электронды сауданың әлеуеті жоғары екенін аңғартса керек. Енді 2029 жылға қарай сауда-саттықтың бұл түрін 3 есеге ұлғайтып, 9,3 трлн теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Үкімет отырысында бұл саланы ілгерілету тетіктері қарастырылды. Ол үшін заңнама жетілдіріліп, кәсіпкерлер үшін электрондық саудада мемлекеттік қолдаудың қаржылық шаралары енгізілмек. Ондағы тауардың сапасы мен қауіпсіздігі де басты назарда.