Елімізде биыл үш жаңа әуежай салынады
Елімізде биыл үш жаңа әуежай салынады. Президент тапсырмасымен ішкі туризмді дамыту мақсатында Зайсан, Қатонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында әуежай құрылысы басталды. Бұл осы өңірлердің экономикасына тың серпін беріп, отандық және шетелдік туристер ағынын арттыруға сеп. Әрі жергілікті тұрғындарға қосымша жұмыс орындары ашылады. Сонымен қатар былтыр Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында үш жаңа жолаушылар терминалы пайдалануға берілді. Отандық авиакомпаниялар Қазақстанның 19 қаласына тұрақты ұшып-қонады.