Елдің уысынан шығып кеткен байлықты қайтару ісі жалғаса береді | Заң бойынша

Активтердің заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия күні бүгінге дейін барлығы 755 миллиард теңге ұрланған дүние-мүлікті мемлекетке қайтарды. 260 млн доллар Лихтенштейннен, 82 млн доллар Австриядан, 1 млн доллар Гонконгтан, 1,7 миллион доллар Біріккен Араб Әмірліктерінен жеткізілді. Бұл - кезінде елден заңсыз жылыстатылған қаражат. Түрлі себептермен елдің уысынан шығып кеткен байлықты қайтару ісі жалғаса береді.