Бала қауіпсіздігі - басты назарда
Елімізде балаларға көмек көрсететін BalaQorgau бірыңғай байланыс орталығын ашу жоспарланып отыр. Бұл балалар арасында буллинг пен суицидті азайтуға бағытталмақ. Осыған қатысты Қазақстанда 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқы мен саламаттылығын қамтамасыз ету бойынша жаңа шаралар жүзеге асады.