Жемқорлық дерегін хабарлағандар сыйақы алады
Сыбайлас жемқорлық қаупін заңнамамен сараптау жұмыстары күшейтілді. Жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекетіміз жете мән беріп отырған маңызды шаралардың бірі. Ел Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарының бірі екенін айтқан болатын. Бұл бағытта бірқатар маңызды міндет атқарылды. Атап айтқанда, Қазақстан халықаралық ГРЕКО ұйымына мүше болды, қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлыққа қатысы анықталған жағдайда оның басшысының қызметінен босатылуы заңмен бекітілді.